Жыл басынан бері 618 пәтер ұрлығы тіркелген – Ішкі істер министрлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері 618 пәтер ұрлығы тіркелген – Ішкі істер министрлігі

04.04.2022

Жыл басынан бері 618 пәтер ұрлығы тіркелген. Бұл жалпы ұрлыққа қатысты қылмыстың 20% құрайды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алматы мен Қарағанды облысында бірнеше рет пәтер тонаған ұрылар қолға түсті. Соңғы 5 жылда қылмыс саны ептеп азайса да, қарақшылар тонаудың небір қитұрқы әдістерін ойлап шығарған. Олар есік пен терезені бұзып ашатын арнайы құралдарды жасап алған. Ұялы байланыс пен радиостанцияның көмегіне де жүгінетіндер аз емес. Сондықтан тәртіп сақшылары азаматтарды өз мүлкіне мейлінше сақ болуға шақырады.


Хабарламаларға жазылу