Таразда жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

21.01.2021

Таразда мемлекетке 10 млрд таңге зиян кетірген қылмыстық топ құрықталды. Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген 10 адамды ұстады. Олардың он жыл бойы жалған құжат жасаумен айналысқаны белгілі болды. Сондай-ақ, екінші денгейлі банктердегі қаржыны қолма қол ақшаға айналдырып отырған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу