Қарақшылар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақшылар ұсталды

07.02.2019

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында ауыл малына қырғидай тиген 2 қарақшы құрықталды. Қаскөйлер жайылған жылқыларды мылтықпен атып өлтіріп, сойып, етін сатпақ болған. Алайда, арам пиғылдары іске аспай қалды. Қарақшылар оқиға орнында қолға түсті. Полиция олардың көліктерінен қару-жарақ, балта, пышақ, арқан сынды заттар тәркіледі. Сол маңнан жылқы малының өлексесі табылды.

Назымгүл Қайсағалиева, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Аталған фактіге қатысты ҚК-тің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Аталған топтың облыс аумағында болған өзге де ұрлықтарға қатыстылығы тексерілуде.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу