Таразда героин саудалаған топ құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда героин саудалаған топ құрықталды

06.08.2018

Тараз қаласында есірткіні сақтап, тұрақты түрде саудалап келгендер құрықталды. Қылмыскерлер  «Көкнәр-2018» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ұсталды. Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 383 грамм героин мен 20 грамм гашиш тәркіледі. Есірткі – қылмыскерлердің тұрғылықты жерінен табылды. Ұсталған 3 азамат та бұрын сотталған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.  

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу