Ауруханада шырша мерекесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауруханада шырша мерекесі өтті

02.01.2014
Ауруханада шырша мерекесі өтті
Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жаңажылдық шырша мерекесі өтті. Ертегі кейіпкерлері осында ем алып жатқан балғындарға керемет көңіл-күй сыйлады. Аяз ата мен Ақшақарға балалар өз өнерлерін көрсетті. Жылан жылымен қоштасып, жылқы жылын қарсы алды. Ал аурухана ұжымы емделіп жатқан 97 баланың әрқайсысына жеке-жеке сыйлық жасап, оларды қуанышқа кенелтті.
 
Өміркүл Тәжібаева, тұрғын:
Балаларға беріп жатқан сыйлықтарына рахмет. Ауырып келіп, тәуір болып қайтып жатырмыз. 2014 жыл құтты болсын, денсаулықтарыңыз мықты, заманымыз тыныш болсын!
 
 
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу