Су түбіне шырша орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су түбіне шырша орнатты

01.01.2014
Су түбіне шырша орнатты
Ресейдің Владивосток қаласының дайверлері Жаңа жылды Уссурийск шығанағындағы Бухта мүйісінде атап өтті. Олар су түбіне шырша орнатты, деп хабарлайды РИА Новости.
 
Бұл дәстүр қатарынан төртінші жыл ұйымдастырылып келеді. Оған 12 дайвер қатысқан. Олар жасанды шыршаны жеті метр тереңдікте орнатқан. Шараға қатысушылардың көпшілігі арнайы гидрокостюмдер кигендіктен, ешқандай қиындық болмаған.
 
Су астында шыршаны орнатуға дайверлердің 15 минут уақыты кеткен.  Тіпті, шыршаны айнала ән айтып үлгерген. Шара аяқталғаннан кейін теңізді ластамау үшін жасанды шырша жағаға шығарылды.

Хабарламаларға жазылу