Алматылық балаларды қала әкімі Жаңа жылмен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық балаларды қала әкімі Жаңа жылмен құттықтады

25.12.2014
Алматылық балаларды қала әкімі Жаңа жылмен құттықтады

Бүгін Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде қала әкімі Ахметжан Есімовтің дәстүрлі жаңажылдық шырша мерекесі өтті.

Шараға 1700 жас алматылық қатысты. Олардың арасында оқу озаттары, белсенді оқушылар және аз қамтылған отбасылардың балалары бар.

Қала басшысы жаңажылдық мерекенің әр бала үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Ахметжан Есімов өсіп келе жатқан ұрпақтың болашағы үшін мегаполисте атқарылып жатқан шаруалар ретін айтып өтті.

«Алматы – қаржылық-экономикалық,  ғылым-білім және мәдени-спорттық орталық. Сол себепті, сіздер мен біздер үнемі ізденіп, еңбектенуіміз керек. Соңғы 5 жылда 95 білім нысаны салынды. Сіздердің толыққанды білім алуларыңыз үшін олардың барлығына заманауи құрылғылар орнатылды»,-деді әкім.

Жаңажылдық шара барысында сайқымазақтар, әуе акробаттары өнер көрсетті.

Фото: almaty.gov.kz

Хабарламаларға жазылу