Семейдегі Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда жаңажылдық көрме ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда жаңажылдық көрме ұйымдастырылды

02.01.2015
Семейдегі Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда жаңажылдық көрме ұйымдастырылды

Көне және заманауи шырша ойыншықтары, карнавалдық бетперделер мен мерекелік хаттар, тағы да басқа көптеген әшекей безендірулер көрмеге қойылған.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, бұрындары шыршаны тәтті-дәмді тоқаштармен, кәмпит және жемістермен ғана безендірген көрінеді.

Кейіннен әшекейге шыны шарлар қолданыла бастаған. Дәстүрлі көрмеде XIX ғасырда жасалған жәдігерлер де бар.

Көрме Жаңа жыл мерекесі мен оның барлық нышандарының тарихы туралы мол мәлімет береді. 

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу