Қарағанды облысында жылу беру орталықтары қайта тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында жылу беру орталықтары қайта тексеріледі

10.01.2017
Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Өйткені, Жаңа жыл мерекесі алдында «Барлық жылу беру орталықтары қалыпты жұмыс істеп тұр», деп есеп берілген болатын. Бірақ, соған қарамастан Шахан кентінде қайғылы оқиғаға жол берілді.

9 адам қайтыс болып, екеуі әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Дегенмен, қалпына келтіру жұмыстары қазір қызу жүруде. Баспанасыз қалғандар үй-жаймен қамтылды.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу