Астанада «Өнер барысы» өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Өнер барысы» өтіп жатыр

21.03.2019

Айтулы дода қандай мақсатпен ұйымдастырылды? Боз кілемде белдесуге кімдер шығып жатыр? Толығырақ тілшіміз Ербол Мәндібек баяндайды. 

Ербол Мәндібек, тілші:

- «Өнер барысы» елімізде алғаш рет өтуде. Оның негізгі ұйымдастырушысы -  белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш. Бұл сайысқа әншілер, әзілкештер, ақындар, вайнерлер мен блогерлер қатысып жатыр. 

Қазақ күресінен Қазақстанның бас бапкері Ерлан Естектің айтуынша, бұл шараны ұйымдастырудың басты мақсаты - спортты насихаттау және өнер адамдарының білек күшін сынап көру.

«Өнер барысы» әлі жалғасуда. Кімнің бағы жанып, бас жүлде алатындығы бірер сағаттан кейін белгілі болады. Егер бұл жоба халықтың көңілінен шығып жатса, келер жылы тағы ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу