Астанада «Кондитерлер фестивалі» өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Кондитерлер фестивалі» өтіп жатыр

04.07.2014
Астанада «Кондитерлер фестивалі» өтіп жатыр

Астанада «Кондитерлер фестивалі» өтіп жатыр. Ауқымды шара қала күні қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр.

Айдана Үсенбай, тілші:

Бүгінгі фестивальға қаланың 15-ке жуық кәсіпорны қатысуда. Олар «Үздік торт», «Үздік мерекелік безендіру» аталымдары бойынша бақ сынайды. Жеңімпаздарды арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды.

Фестивальдің қорытындысы түстен кейін белгілі болады. Ал, әзірше қаламыздың тәттіқұмар тұрғындары «Конгресс холлда» өтіп жатқан кондитерлер фестиваліне қатысып, торттар мен кондитерлік өнімдердің дәмін тата алады.

Рыскүл Қауғабаева, Астана Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

Фестивальдің мақсаты - Астанадағы кондитерлік өнер дәрежесін арттыру, кондитерлік шеберлікті дәріптеу және тамақтану саласындағы мамандардың кәсіби деңгейін көтеру.

Сондай-ақ, фестиваль аясында қала тұрғындарына концерттік бағдарлама қойылады. Айта кетейік, фестиваль қала күні қарсаңында биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.                                      

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу