Астанада Халықаралық биеннале өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Халықаралық биеннале өтіп жатыр

02.07.2016
Астанада Халықаралық биеннале өтіп жатыр

Бүгін елордада халықаралық суретшілер биенналесінің салтанатты ашылуы өтті. Тәуелсіздік сарайының галереясында қатысушылардың әрқайсысының шығармашылық еңбектері таныстырылды.

Аталған шара Елорда күні, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық аясында өтеді. Биеналле қала әкімдігінің қолдауымен Қазақстан суретшілер одағымен және Астананың суретшілер одағымен ұйымдастырылып отыр.

Шараға Италия, Франция, швейцария, Германия, Ресей, Ливан және барша Қазақстаннан суретшілер жиналады. Қылқалам шеберлері елорданы бейнелеп, тәжірибе алмасады.

6 шілдеде Нұржол желегінде ашық аспан астында өтетін шараның салтанатты жабылу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары суретшілердің туындыларына өз бағасын беріп, пленэрлік жұмыстардың қорытынды көрмесін тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу