Астанада WorldSkills чемпионаты өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада WorldSkills чемпионаты өтіп жатыр

05.12.2018

Астанада WorldSkills Ұлттық чемпионатының өтіп жатқанына бүгін - үшінші күн.  Кәсіби тұрғыда бақтарын сынап жатқан жастардың кейбіріне кәсіпкерлер жұмыс ұсынып та үлгерген. «Әсіресе, Электромонтаж жұмыстары, сән технологиясы, мехатроника мамандықтарын меңгергендерге сұраныс жоғары», -дейді форумды ұйымдастырушылары.

Бүгінде кәсіби білім беру сапасын арттыру - алға қойып отырған мәселелердің бірі. Осы мақсатта WorldSkills форумы төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Оған еліміздің барлық өңірінен 30 мамандық бойынша 350-ге жуық үміткер қатысуда. Чемпионаттың жабылу рәсімі желтоқсанның 7-сінде өтеді. Іріктелген үздіктер Қазан қаласына барып, жарыстың халықаралық деңгейінде бақтарын сынамақ. 

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Нағыз жұмыс істейтін мамандықтар. Осы жерде біздің балалар өзін өзі көрсетіп жатыр. Осы жерде үлкен жұмыс жүріп жатыр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу