Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EURO-2016 турнирінің жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EURO-2016 турнирінің жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді

12.12.2015
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы EURO-2016 турнирінің жеребе тарту рәсімін тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жеребе тарту рәсімінің трансляциясы ертең сағат 10:25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады.

Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие.

Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, турнир туралы «Road to France» атты 15 арнайы жоба көрсетіледі.

Еске сала кетейік, футболдан 15-ші Еуропа чемпионаты 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында өтеді. Финалдық турнирде алғаш рет 24 команда ойнайды.

Хабарламаларға жазылу