Қазақстан боксшыларының жаттығу тәсілдері жетілдірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан боксшыларының жаттығу тәсілдері жетілдірілмек

04.12.2018

Қазақстан боксшыларының дайындық стиліне өзгеріс енгізу керек. Бокс федерациясының жылды қорытындылау отырысында Данияр Әбілғазин осылай деді. Былғары қолғап шеберлері осы жылы айтулы додаларда жоспардағыдай нәтиже көрсете алмаған. 2019 жылы сәуір айында Азия біріншілігі өтеді. Жеңімпаздар Сочиде өтетін Әлем чемпионатында Олимпиада ойындарына жолдаманы сарапқа салмақ. Қазіргі жоспар бойынша 2020 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылар барлық салмақ дәрежесінде қатысуы керек.

Данияр Әбілғазин, Қазақстан Бокс федерациясының вице-президенті:

- Азия чемпионатындағы көрсеткіштеріміз ойдағыдай болмады. 1994 жылдан бері алғаш рет біз алтын медальсіз қалып отырмыз. Бұл дайындықтың нашарлығы мен бәсекелестіктің артқандығын көрсетеді. Сондықтан, біз алдағы Әлем біріншілігі мен Олимпиада ойындарына дейін Ұлттық құраманы жетілдіруіміз керек.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу