«Еуразия барысы». 74 келіде өнер көрсеткен Амангелді Төлемісов грузиялық қарсыласына жол берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». 74 келіде өнер көрсеткен Амангелді Төлемісов грузиялық қарсыласына жол берді

16.12.2017

Дәл қазір «Алматы аренада» қазақ күресінен V «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтуде.

Алматы құрамасы сапынан 74 келі салмақта сынға түскен Амангелді Төлемісовтың қарсыласы Звиад Капанадзе болды.

74 келідегі палуандардың бәсекесі тартысты болды. Белдесудің басым бөлігінде жерлесіміз ұпай санымен алда болғанына қарамастан, грузиялық спортшы есепті теңестірді. Нәтижесінде қоянқолтық белдесуде таза жеңіспен Звиад Капанадзе жеңімпаз атанды.

Әзірге командалық есеп 3:1. «Қазақстан 2» командасы алда.

Айта кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу