Аягөз қаласында Қазақ күресінен ел чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аягөз қаласында Қазақ күресінен ел чемпионаты аяқталды

10.06.2015
Аягөз қаласында Қазақ күресінен ел чемпионаты аяқталды

Жарыс көрігін қыздырған әрине Қазақстан барысының финалына жолдама алған өрендердің өнері болды. Екі күнге созылған боз кілем бәсекесінің қорытындысын бойынша ең жеңіл салмақта алматылық Марат Нығметоллаев бірінші орын алды.

Ал, 60 келіде қарағандылық Медет Бозов, 66 келіде жарыс қожайыны Аслан Түсіпханов үздік атанды. Сол секілді 74 келіде Аманкелді Төлемісов топ жарса, 82 де шымкенттік Ерсұлтан Мұзапаров үздік шықты. Аса ауыр салмақта Бейбіт Ыстыбаев бірінші орын алды. 

Хабарламаларға жазылу