Дзюдошы Дастан Ықыбаев Гран-при жарысында күміс медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдошы Дастан Ықыбаев Гран-при жарысында күміс медаль иеленді

23.03.2015
Дзюдошы Дастан Ықыбаев Гран-при жарысында күміс медаль иеленді

Сайыстың нәтижесі бойынша ел қоржынында жалғыз жүлде күміс медаль. 73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Дастан Ықыбаев 4 белдесуде басым түсіп, тек ақтық сында ғана қарсыласына жол берді.

Жеребе жолдас болып, бәсекені екінші айналымнан бастаған Ықыбаев алдымен ресейлік Денис Ярцевті, осыдан кейін армениялық Давид Никогосяннан басым түсті. Келесі екі белдесуінде жеңіске жеткен жерлесіміз  финалда Рустам Оруджевке ғана жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

 

Индира БЕКТЕН

Хабарламаларға жазылу