«Еуразия барысы». 90 келіде Саят Шәмшиев грузиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». 90 келіде Саят Шәмшиев грузиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді

16.12.2017

Бүгін «Алматы аренада» қазақ күресінен V «Еуразия барысы» халықаралық турнирі өтір жатыр.

Алғашқы айналымда Алматы құрамасы мен Грузия командасы сапынан 90 келі салмақта өнер көрсететін палуандар боз кілемге көтерілді.

Аталған салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Саят Шәмшиев болса, Грузия елінің үмітін арқалаған Паата Гвиниашвили болды.

Саят Шәмшиев боз кілемге шыға салысымен шапшаң қимылдап, қарсыласына бірнеше сәтті әдіс қолдануының арқасында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Саят жалпыкомандалық есеп айырмасын 4 ұпай жеткізу арқылы «Қазақстан 2» командасы келесі айналымға шықты.

Айта кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу