«Еуразия барысы». 90 келі салмақта Бекзат Ахметбеков моңғолиялық қарсыласына жол берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия барысы». 90 келі салмақта Бекзат Ахметбеков моңғолиялық қарсыласына жол берді

16.12.2017

Қазақ күресінен Алматыда өтіп жатқан «Еуразия барысы» турнирінің жартылайфиналдық жолдамасын Қазақстан құрамасы Моңғолия командасы сарапқа салды.

90 келі салмақта Бекзат Ахметбеков пен Мункжархал Ерденеху өзара кім мықтыны анықтады. Кездесу сылбыр басталды. Дегенмен, моңғол палуаны белсенділік танытып, бірнеше сәтті шабуылы арқылы жартылай жеңіс ұпай берілді. Бұдан кейін де Мункжархал сол қарқынынан қайтпай жылдам шабуыл жасауға тырысты. Нәтижесінде моңғол палуаны ұпай санымен жеңіске жетіп, жалпы есепті теңестірді (3:3).

Айта кетейік, «Еуразия барысы» турнирін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

 

Хабарламаларға жазылу