Айбек Нұғымаров «Әлем Барысы-2017» жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айбек Нұғымаров «Әлем Барысы-2017» жеңімпазы атанды

08.09.2017

Астанада бүгін қазақ күресінен өткен «Әлем барысы – 2017» турнирінің жеңімпазы анықталды. Финалдық белдесуде мерзімінен бұрын ұтқан Айбек Нұғымаров турнир жеңімпазы атанды.
Ақтық сында Айбек Нұғымаров грузиялық Гурам Тушишвилимен күш сынасты. Алғашқты секундтардан тартысты басталып, қарсыластар бір-біріне дес бермегенімен, белдесудің небәрі 1 минут 43 секундында отандасымыз сәтті әдіс қолданып, таза жеңіске жетті.
Айта кетейік, «Әлем барысы» балуандар турнирі осымен екінші рет өткізілді.

Хабарламаларға жазылу