Айбек Нұғымаров: Бозкілемге қазақтың қазақпен шығып жатқаны ауырлау болды  (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айбек Нұғымаров: Бозкілемге қазақтың қазақпен шығып жатқаны ауырлау болды  (ВИДЕО)

10.09.2017

«Әлем барысы-2017» халықаралық турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров «Таңшолпан» төрінде қонақта болып, эксклюзивті сұхбат берді..

«Әлем барысы» елімізде екінші рет өтіп отыр. 2014 жылы Павлодар қаласында болған. Жеңістен кейінгі сезімім жақсы. Биылға жарысқа 5 балуан қатыстық. Көп нәрсе жеребеге де байланысты болады. Жеребе таңдау кезінде мықты қарсыластармен түсіп қалып жатамын»,  - дейді балуан. 

Споршы халықаралық турнирде Еламан Ерғалиевпен  болған белдесуіне де тоқталып, ойын ортаға салды.

«Әрине, қазақ-қазақпен шығып жатқаны ауырлау болды. Бірақ, бұл жерде бізде ұлттың, қазақтың намыс болды», - дейді.

Бағдарлама барысында Айбек Нұғымаров алдағы жоспарларымен бөлісіп, мақсаты спорттың биік тұғырына жету екендігін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу