Ержан Шынкеев пен армениялық Акоб Аракелянның арасындағы белдесу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Шынкеев пен армениялық Акоб Аракелянның арасындағы белдесу

08.09.2017
Ержан Шынкеев пен армениялық Акоб Аракелянның арасындағы белдесу

Акоб Аракелян - Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, самбодан Еуропа және Әлем чемпионатының жүлдегері. Қазақ күресінен жарысқа алғаш рет қатысуы.

Белдесуде Ержан Шынкеев бір жамбас, бір жартылай жеңіс және бір бүк ұпайымен жартылай финалға шықты.

Ержан Шынкеев бұған дейін эстониялық Дмитрий Лепті 2 минут 42 секундта таза тастап, армениялық қарсыласымен күреске жолдама алған болатын.

Естеріңізге саламыз, жарысты «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу