Қызылорда қаласында қазақ күресінен халықаралық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда қаласында қазақ күресінен халықаралық турнир өтті

24.09.2015
Қызылорда қаласында қазақ күресінен халықаралық турнир өтті

Түйе балуандар арасында өткен тартысты боз кілем бәсекесінде Еліміздің спортшылары мен қатар Грузия, Өзбекстан және Қырғыз елінен  келген балуандар  қатысты.

Сайыста Ұлан Рысқұл Руслан Әбдіразаққа жол беріп, жарыс жолынан шықса,  Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсыновты қарағандылық Ержан Шынкеев сан соқтырып кетті.

Бейбіт Ыстыбаев өзбекстандық Мухсин Хисамудиновқа есе жіберді.  Ал, бас жүлде үшін өткен бәсекеде Руслан Әбдіразақ Ержан Шынкеевті тізе бүктірді.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу