Ержан Шынкеев бірінші белдесуінде «Ақмола арланын» жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Шынкеев бірінші белдесуінде «Ақмола арланын» жеңді

02.07.2017

12-ші жұп - Қарағанды облысының өкілі Ержан Шынкеев пен ақмолалық Бекбол Нұрланұлы.

Ержан Шынкеев «Қазақстан барысы» турнирінің күміс жүлдегері (2013) атанған.

Қарсыласы  Бекбол Нұрланұлы турнирге тұңғыш рет қатысуда. Қазақ күресінен спорт шебері.

Белдесуде 2 минут 10 секундта Ержан Шынкеев жеңді. Оның келесі айналымдағы қарсыласы – жетісулық Александр Касачев. Александр Касачев бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Жолдасбек Бектұрсынов пен Жамбыл облысының палуаны Айбол Айтпековты ұтқан болатын. 

Естеріңізге саламыз, турнирді «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетуде. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz cайттарынан онлайн көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу