Ержан Шынкеев «Жетісу бөрісінен» басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Шынкеев «Жетісу бөрісінен» басым түсті

02.07.2017

Алматы облысының намысын қорғап шыққан Александр Касачев (Жетісу бөрісі) пен Қарағанды облысының палуаны Ержан Шынкеев (Көк бөрі керней) кездесті. Александр Касачевтың бұл үшінші кездесуі болса, Ержан Шынкеевтің екінші рет кездесуі.

Қарағандылық палуан бұған дейін ақмолалық Бекбол Нұрланұлынан басым түскен еді.  Ал, «Жетісу бөрісі» бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының өкілі Жолдасбек Бектұрсынов пен Жамбыл облысының палуаны Айбол Айтпековты ұтқан болатын. 

Бұл кездесуде Ержан Шынкеев қарсыласын аяғынан көтеріп лақтыру арқылы жеңіске жетті.
 

Хабарламаларға жазылу