«Арнау» тобы – «Адалдық» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арнау» тобы – «Адалдық»

27.07.2016
«Арнау» тобы – «Адалдық»

Бал-бұл жайнап, жаным, жүрші қасымда,
Бақыт сыйлап, таңым, сендей асылға.
Махаббатың адал болса егер, 
Жан сырыңды менен жасырма.

Қайырмасы:
Армандарға алыс бірге жетейік,
Жоққа сабыр, барға шүкір етейік.
Хақ жолымен жүрейік парыз еткен 
Адалдықтың туын көтеріп.

Өкінбейік өтіп кеткен күндерге,
Жүріп өткен кеше екеуміз бірге.
Бізді күтіп тұр ғой бақыт алда,
Үміт үзбе, жаным, күрсінбе.

Қайырмасы:
Армандарға алыс бірге жетейік,
Жоққа сабыр, барға шүкір етейік.
Хақ жолымен жүрейік парыз еткен 
Адалдықтың туын көтеріп.

Сөздеріңнен сенің қуат аламын,
Жанарыңнан нұрлы шуақ табамын.
Арман бар ма мәңгі бағым, сәнім,
Бірге жетсек жұмаққа, жаным.

Қайырмасы:
Армандарға алыс бірге жетейік,
Жоққа сабыр, барға шүкір етейік.
Хақ жолымен жүрейік парыз еткен 
Адалдықтың туын көтеріп.

Хабарламаларға жазылу