Оралдағы ерікті Ерліктің ерлігі жастарға өнеге
Оралда экологиялық акциялардың бел ортасында жүретін ерікті Ерлік Шамғали сенбілікке отбасымен бірге шығады. Ол ұл-қыздарына жастайынан тазалықтың мән-маңызын ұғындырып келеді. «Жастар рухы» қанатының бел мүшесі ерікті жастарды жиып, елдік істерге ұйыстырып жүр.
- Есік алдындағы сенбілігімізді де осылай отбасымызбен бірге жасаудамыз. Балалар көрсін, өздері тазалаған жерді шашпасын деп.
Ерлік ұл-қызы екі жасқа толғаннан бастап сенбіліктерге алып шығады. Табиғатты аяулауды үйретеді. Еңбекке баулиды. Оның отбасындағы ұстанымы – өзгеге үлгі.
Қазір алды 6-ға келді. Көшедегі қоқысты көрсе, дүкен алдындағы тәттілердің қалдығын көргенде, барып алып, соны қоқыс жәшігіне салуды бойына сіңірген. Сондықтан да әркім өз ауласынан бастауы керек. Өз көшемізден, өзімізден бастауымыз керек. Сонда ғана «Таза Қазақстанның» негізгі идеологиясы қалыптасады деген ойдамын.
- Бояуларды осылай кетіреміз.
Өзінің өңірін, ауылын, елін жақсы көретін азамат болса, соның бірегейі Ерлік деп есептеймін. Ерліктің өзі еңбекқор бала ғой. Бір жақсы іс тұрса, соның басынан табылып жүреді. Ерліктің жігерін ортамызда жүрген біздің буынның барлығы дерлік мойындайды деп есептеймін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы