Риддердегі ЖЭО-ны жөндеуге ₸ 1 млрд 800 млн бөлінді
Риддердегі жылу электр орталығы мен желілерін
жөндеуге резервтен 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінді. Тиісті қаулыға
Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл қаражат алдағы жылыту
маусымына дайындыққа жұмсалмақ. Нақтырақ айтсақ, жылу желісінің тозығы жеткен
12 учаскесіне, сондай-ақ қазандықтардағы күрделі жөндеу жобаларын аяқтауға
бағытталады. Мамандар жылу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін
бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін учаскелер мен жабдықтарды анықтады.
Ержан Ертаев, Энергетика министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен
бақылау комитетінің төрағасы:
Энергетика министрлігінің тексеру қорытындысы бойынша жабдықтың ең тозған элементтерін ауыстыру және қысқы кезеңге қажет резервті қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар берілді. Бұл ең алдымен Риддер қаласының жылу мен жабдықтаудағы негізгі болып табылатын бесінші және алтыншы қазандықтарға қатысты. Өздеріңізге мәлім, өңірде жылыту маусымын штаттық жөндеу өттті, ал биылғы жөндеу науқаны көлемі тұрғындарды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00