Ақтөбеде қоқыс тастағандарды ЖИ анықтап жатыр
Ақтөбеде белгіленбеген орындарға ірі көлемді қоқыс тастағандарды ақылды бейнекамералар анықтап жатыр. Жыл басталғалы 70-ке жуық құқық бұзушылық анықталды.
Облыс орталығында жасанды интеллект жүйесі орнатылған осындай 20 құрылғы күні-түні, үздіксіз жұмыс істеп тұр. Олар құрылыс қалдықтары мен ескі жиһаз секілді тұрмыстық дүниелерді шығарған тұрғындарды бірден анықтайды. Нәтижесінде, абаттандыру қағидаларын бұзу және елді мекендердің аумағын ластау деректері бойынша ондаған тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Дегенмен Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл әдіс құқық бұзушылықтарды жедел анықтап қана қоймай, олардың алдын алуға да ықпал етіп отыр.
Жанболат Ахмет, Жедел басқару орталығының бастығы:
Бейнебақылау жүйесі арқылы құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап ақпарат жедел өңделеді. Соның нәтижесінде құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, дер кезінде заң аясында шара қабылдауға мүмкіндік бар. Бұл тетік қала тазалығын сақтауға және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылауға тиімді құрал болып отыр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00