Алматыда дзюдодан әлемдік «Grand Prix» жарысы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дзюдодан әлемдік «Grand Prix» жарысы өтуде

13.05.2016
Алматыда дзюдодан әлемдік «Grand Prix» жарысы өтуде
Жарысқа әлемнің 84 мемлекетінен 400 спортшы келді.

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дзюдодан әлемдік «Grand Prix» жарысы өтуде. Бұған әлемнің 84 мемлекетінен 400 спортшы келді.

Дүбірлі доданың салтанатты ашылуына Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер арнайы келді. Бүгін әлемдік ережеге сәйкес, алаң иелері әр салмақ дәрежесі бойынша төрт палуаннан шығарды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу