ҚР ҚМ АОСК-ның әскери қызметшісі Нұрсұлтан Мамаев ғаламшардың үздік спортшысы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР ҚМ АОСК-ның әскери қызметшісі Нұрсұлтан Мамаев ғаламшардың үздік спортшысы атанды

20.10.2015
ҚР ҚМ АОСК-ның әскери қызметшісі Нұрсұлтан Мамаев ғаламшардың үздік спортшысы атанды

Дүниежүзілік таэквондо федерациясы ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының қатысушысы қатардағы жауынгер Нұрсұлтан Мамаевты ғаламшардың үздік спортшысы екенін жария етті. Бұл мәртебе қазақстандық спортшы жауынгерге Манчестердегі (Ұлыбритания) таэквондодан (WTA Grand Prix) әлемдік Гран-при кезеңінде сәтті өнер көрсетуден кейін берілді.

58 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Мамаев испандық Жезус Тортос Кабреромен кездесуде жеңіске жетіп, әлемнің 30 мықты таэквондошысы арасындағы абсолюттік чемпион атанды. «Қазір Нұрсұлтан өрлеу үстінде. Ол ірі әлемдік турнирлерде бірнеше мәрте жеңістерімен өзінің шеберлігін растай отырып, қарқынды түрде жоғарыға қарай ілгерілеуде. Соңғы уақыт ішінде ол қатарынан бірнеше рейтингтік сайыстарды жеңіп алды. Қазіргі кезде Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға лицензия алуға бірден-бір үміткер және жоғары марапаттарды алуды көздеп отыр», - деп атап өтуде таэквондодан команда бастығы ҚР ҚМ АОСК-ның капитаны Әнуар Үсенов.

Хабарламаларға жазылу