Дзюдодан Алматыда өтетін «Grand Prix» жарысына 70-тен астам ел қатысатынын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдодан Алматыда өтетін «Grand Prix» жарысына 70-тен астам ел қатысатынын растады

19.04.2016
Дзюдодан Алматыда өтетін «Grand Prix» жарысына 70-тен астам ел қатысатынын растады

Бұл додаға әлемнің 70-тен астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарлананған. Бүгінгі таңда 76 мемлекеттің спортшылары жарысқа қатысуға өтініш білдірді. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, алаң иелері әр салмақ дәрежесі бойынша төрт спортшыға дейін қатыстыра алады.

«Grand Prix» Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 13 мамырда сағат 10:00-де басталып, финалдық кездесу сағат 17:00 өтеді. 13 мамыр сағат 16:30-да турнирдің ресми ашылуы болады. Ал, оған дейін сағат 15:00-де дзюдо академиясының ашылу салтанаты жоспарланған.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ доллары. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алған дзюдошыға 2400 доллар, бапкеріне 600 доллар беріледі. Екінші орын үшін палуан 1600 доллар, бапкері 400 доллар алады. Ал, қола медаль иегері 800 доллармен марапатталады, жаттықтырушысына 200 доллар сомасында қаржылай сыйлық табысталады.

Сонымен қатар, «Grand Prix» жарысы аясында Дзюдо академиясы ресми түрде ашылмақ. 

Хабарламаларға жазылу