Дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Галбадрах Отгонцецег «Grand Prix» жарысында қола жүлде иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Галбадрах Отгонцецег «Grand Prix» жарысында қола жүлде иеленді

26.03.2016
Дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Галбадрах Отгонцецег «Grand Prix» жарысында қола жүлде иеленді

Тбилисиде (Грузия) дзюдодан халықаралық «Grand Prix» жарысы өтіп жатыр. Қазақстандық Жансай Смағұлов бұл сайыста қола жүлде иеленді.

Ол алдымен татами иесі Гела Келихашвилиді, одан кейін Украина спортшысы Геворг Хачатрянды ұтты. Бірақ Италия палуаны Фабио Басилға есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде португалиялық Сергио Олейникті жеңді. Осылайша Жансай қола медаль үшін болған белдесуде израильдік Тал Фликерді жеңді.

Турнирдің алғашқы күні қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцецег жарыс жолын екінші айналымнан бастады. Ол алдымен молдовалық Кристина Будесканы ұтып, келесі айналымда ресейлік Ирина Долговаға есе жіберді. Дегенмен жұбаныш белдесуінде Италия дзюдошысы Валентина Москаттан айласын асырып, 3-ші орын үшін түркиялық Ебру Шахинмен күресті. Нәтижесінде Галбадрах қосымша уақытта «иппон» ұпайымен жеңіске жетті.

Жарыстың бірінші күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 8-ші орында тұр.

Айта кетейік, жарысты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу