«Kazsport» телеарнасы дзюдодан өткен «World Grand Prix» турнирін тікелей эфирде 23 сағат көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы дзюдодан өткен «World Grand Prix» турнирін тікелей эфирде 23 сағат көрсетті

17.05.2016
«Kazsport» телеарнасы дзюдодан өткен «World Grand Prix» турнирін тікелей эфирде 23 сағат көрсетті

Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында спорт әлеміндегі ірі оқиғалардың бірі – дзюдодан «World Grand Prix» жарысы өтті. Бұл шараға 100-ге жуық мемлекеттен шамамен 600 спортшы қатысты. Турнирдің жалпы жүлделік қоры 100 мың АҚШ долларын құрады.

Турнирді «Қазақстан РТРК» АҚ ақпараттандырды. Аталмыш турнирдің сигналы 90-нан астам елге таратылды.

Қазақстан аумағында турнирдің трансляциясын «Kazsport» телеарнасы өткізді. Отандық спорт телеарнасы әлем бойынша турнирді толығымен көрсеткен жалғыз арна болды. Эфирде күндізгі сессиядағы іріктеу кезеңі мен кешкі финалдық кездесулер де көрсетілді. Әлемдік деңгейде өткен жарыс тікелей эфирде 23 сағаттам астам уақыт көрсетілді.

Трансляциялардан басқа жарыс залында телеарнаның көшпелі студиясы қызмет көорсетті. Студия қонақтары және комментаторлардың көмекшілері ретінде қазақстандық дзюдо және спорт әлемінің танымал тұлғалары мен еңбек сіңірген спортшылары барлығы 20 адам шақырылды. Мамандар мен спортшылардың пікірі жарысты сүйемелдеудің реңін ашып, телетрансляциялардың сапалы талдамасына ықпал етті.

Тікелей эфир қонақтары ретінде ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Е. Қанағатов, Дзюдо федерациясының басшылығынан М. Мықтыбеков, С. Жылқыбаев, А. Жіткеев, С. Өтелбаев, танымал бапкерлер М. Қыпшақпаев, Ж. Саламатов, Е. Байжұманов, А. Бесенқұлов, Ғ. Жылқыбаев, М. Раков, А. Яцкевич және спортшылар А. Смағұлов, Е. Сметов және т.б. шақыртылды.

Хабарламаларға жазылу