Таэквондо. Нұрсұлтан Мамаев Азия ойындарың күміс жүлдесін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таэквондо. Нұрсұлтан Мамаев Азия ойындарың күміс жүлдесін иеленді

03.10.2014
Таэквондо. Нұрсұлтан Мамаев Азия ойындарың күміс жүлдесін иеленді

Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында таэквондо жарыстары аяқталды.

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрсұлтан Мамаев Фарзан Ашурзадефаллахқа 4:7 есбімен есе жіберіп, Азия ойындарының вице-чемпионы атанды.

Айта кетейік, Нұрсұлтан финалға дейін вьетнамдық Дай ван Нгуенді (21:8), индонезиялық Онг Стеванус Ариосусиноны (10:4), жапониялық Юма Ямаданы (7:1) жеңген еді.

Енді Қазақстанның қоржынында 82 медаль, оның 28-і «алтын», 22-і «күміс», ал 32-і қола жүлде.  

Фото: zimbio.com

Хабарламаларға жазылу