Қазақстандық таэквондошы «Thailand Open» турнирінде топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық таэквондошы «Thailand Open» турнирінде топ жарды

08.11.2014
Қазақстандық таэквондошы «Thailand Open» турнирінде топ жарды

Мамаевтың ресми салмағы – 58 келі, алайда Бангкокте Азия ойындарының күміс жүлдегері 63 келіде сынға түсіп, барлық қарсыласын жеңді.

Нұрсұлтан турнир барысында жарыс қожайыны, Азия ойындарының күміс жүлдегері таиландтық спортшыны, кейін Вьетнам спортшысын, Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Қытайлық Тайпей өкілін жеңді.

Ал, финалда Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы, тайваньдық спортшыға Мамаев айла қалдырған жоқ, деп хабарлайды Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы.

Хабарламаларға жазылу