Универсиада-2015. Жұптық шаңғы жарысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2015. Жұптық шаңғы жарысы

27.01.2015
Универсиада-2015. Жұптық шаңғы жарысы

Қазақстан атынан  Анастасия Слонова мен Роман Рагозин жұп құраса, екінші командада Анна Стоян мен Александр Малышев ел намысын қорғады.

Бұл сында әр шаңғышы үш айналымнан жүгіріп өтті.  

Екі топқа бөлініп жарысқандардың арасынан өз топтарында І, ІІ нәтижеге иелік еткен төрт құрама бірден финалға жолдама алса, қалған алты команда үздік уақыт көрсеткіші бойынша шешуші кезеңде бақ сынау құқығына ие болды. 

Финалда 10 құраманың арасында Слонова мен Рагозин жұбы 5-ші нәтиже көрсетті.

 

Телжан КҮДЕРОВ

Хабарламаларға жазылу