Астанада «Бұрқасын-2014» шаңғы фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Бұрқасын-2014» шаңғы фестивалі өтуде

01.03.2014
Астанада «Бұрқасын-2014» шаңғы фестивалі өтуде
 
Бүгін Астанада «Бұрқасын 2014» атты қысқы маусымның жабылуы - дәстүрлі шаңғы фестивалі өтеді. Аталған іс-шара биыл он төртінші рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды astana.kz.
 
Іс-шараның ұйымдастырушысы - Астана қаласының әкімдігі. Алғаш рет «Бұрқасын» шаңғы жарысы «Вечерняя Астана» қалалық газеттің бастамасымен 2000 жылдың 26 ақпанда өтсе, бүгін ол бүкілқалалық дәрежедегі спорттық дәстүрге айналды. Жарысқа спортшылар да, әуесқойлар да қатысады.
 
Биыл жарысқа ішкі спартакиадалардың жеңімпаздары - мектеп оқушылары, студенттер мен оқытушылар, елордалық мемлекеттік құрылымдар, кәсіпорындар қызметкерлері, елорданың басқа да тұрғындары мен қонақтарының қатысуына мүмкіндік бар.
 
Биыл қысқы спорт түрлерінің әуесқойлары Есіл өзенінде кездеседі. Жаппай шаңғы жарысы сағат 11.00 басталады. Іс-шара бағдарламасына ерлер, әйелдер, қыздар, жігіттер, балалар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шаңғы жарысы енген.
 
Бұл күннің басты жарысы - шаңғы жарысынан басқа, гір тасын көтеру, армреслинг, шайбалы хоккей, қар үстінде белбеу күресі, қысқы шағын футбол, арқан тартыс, бұқа тартыс секілді жарыстар өткізіледі.
 
Балықшылар мұзасты балық аулаудан Ашық Чемпионат өткізеді және спорт мектептерінің шәкірттері мәнерлеп сырғанау спорты түрінен көрсетілімдік қойылымдардарымен қуантпақ. 

Хабарламаларға жазылу