​​​​​​​Павлодарда 7-қысқы Универсиада ойындары өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

​​​​​​​Павлодарда 7-қысқы Универсиада ойындары өтуде

05.03.2018

Павлодарда 7-қысқы Универсиада өтіп жатыр. Жарыс спорттың тоғыз түрі бойынша өтті. Шаңғы жарысы, қысқы Президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау, футзал, армрестлинг, гір тасын көтеру, пауэрлифтинг, баскетбол және қазақ күресі. Бұған дейінгі Универсиадаларда бұл сайыстар еліміздің әр қаласында жеке-жеке өткізілетін. Павлодардағы байрақты бәсекенің тағы бір ерекшелігі 40-қа тарта жоғары оқу орындары қатысты. Яғни, спортшы студенттер саны бойынша рекордтық көрсеткішке қол жетті. 

Садық Мұстафаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры:

 - Бұған дейінгі Универсиадаларда 900 ғана студент қатысқан болса, қазір 1600-ден асып бара жатыр. Екі есеге көп. Міне, қазіргі жастардың спортқа деген, болашаққа деген көзқарасының өзгеріп жатқандығы.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу