Шымбұлақта шаңғышылардың «Күмісті Эдельвейс» халықаралық жарысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымбұлақта шаңғышылардың «Күмісті Эдельвейс» халықаралық жарысы өтеді

11.01.2015
Шымбұлақта шаңғышылардың «Күмісті Эдельвейс» халықаралық жарысы өтеді

Алматыда 2015 жылдың 20-28 ақпаны аралығында тау шаңғы спорты бойынша ерлер мен әйелдер арасында Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) ұйымдастыруымен «Күмісті Эдельвейс» атты халықаралық жарысы өтеді, деп хабарлайды «Алматы қаласының халықаралық спорт жобалары дирекциясы» мемлекеттік қорының ресми сайты.

«Шымбұлаққа Германия, Польша, Австрия, Словакия, Чехия, Беларусь, Украина, Канада және басқа да көптеген елдерден әлемнің ең үздік шаңғышылары жиналады», - делінген хабарламада.

Әзірге аталған жарысқа қатысуға 17 мемлекеттен 100-ге жуық шаңғышы тіркелді. Спортшылардың жалпы саны әлі нақтылануда.

Хабарламаларға жазылу