«Астана арландары» польшалық боксшылардан басым түсті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары» польшалық боксшылардан басым түсті (ВИДЕО)

24.01.2015
«Астана арландары» польшалық боксшылардан басым түсті (ВИДЕО)

Дүниежүзілік бокс сериясы аясында «Астана арландары» кезекті қарсыласы «Hussars Poland» командасын сырт алаңда 3-2 есебімен ұтып, бесінші маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Алғашқы жекпе-жекте 52 келіде бақ сынаған қазақстандық Олжас Сәттібаев Хамза Тубаны айқын басымдықпен жеңсе, 60 келідегі Закир Сафиуллин польшалық спортшыға жол берді. 69 келіде жұдырықтасқан Мадияр Әшкеевте ұтылды.

Ал, командаға жеңіс ұпайын хорватиялық легионерлер Хрвое Сеп пен Филип Хргович әкелді. Қорытынды есеп 3-2.

Айта кетейік, Серік Сәпиев жетекшілік ететін ұжымның келесі қарсыласы - әзірбайжандық боксшылар. Жекпе-жек 31 қаңтарға жоспарланған.  

Хабарламаларға жазылу