Динара Сәдуақасова Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динара Сәдуақасова Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

02.10.2014
Динара Сәдуақасова Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Оңтүстік Африкада өткен шахматтан Әлем чемпионатында қазақстандық гроссмейстер Динара Садуақасова үздік атанды. Ол 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп, жарыстың соңғы айналымына дейін мүмкін болған 11 ұпайдың 10-на ие болып, алтын жүлдені қанжығасына байлады.

Айта кетейін, жерлесіміз осыған дейін 14 және 17 жастар арасындағы спортшылар арасында топ жарған. Сонымен қатар, аталған жарыстың күміс жүлдесіне тағы бір жерлесіміз Бибисара Асаубаева ие болды. Ол, финалда үнді шахматшысына жол берді. 

Хабарламаларға жазылу