Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды

17.06.2019

Динара Сәдуақасова шахматтан Азия чемпионы атанды. Қытайдың Синтай қаласында өткен жарысқа 15 елден 36 спортшы қатысқан. Динара 9 баллдың 7,5-ын жинап, барлығынан үздік шықты. Екінші орынды индонезиялық спортшы иеленсе, Моңғолиядан барған шахматшы қола медальді қанағат тұтты. Осылайша, Динара Сәдуақасова әйелдер арасында Азия чемпионы атанған алғашқы қазақстандық шахматшы болып отыр.

 Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу