Елдос Сметов дзюдо спортына 5 жасында келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдос Сметов дзюдо спортына 5 жасында келген

10.08.2016
Елдос Сметов дзюдо спортына 5 жасында келген

Жамбыл облысының тумасы. 1992 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде білім алуда. Елдостың әкесі - бизнесмен, анасы – үй шаруасында. Үлкен ағасы Жандос та кәсіби дзюдомен шұғылданады.
Елдос дзюдо бөліміне алғаш рет 5 жасында келген. Бокс, кикбоксинг, еркін күрес, самбо сынды спорт түрлерімен айналысып көрген, алайда, дзюдоға келіп тоқтайды.
Жаттықтырушысының көзіне түсіп, дзюдоға деген қызығушылық кәсіби спортқа айналды.
Жастар Қазақстан құрамасында жүріп, 2010 және 2011 жылдары жастар арасында өткен Әлем чемпионатында өз қоржынына алтын және қола медаль салады.
2012 жылдан бастап ересектер құрамасында өнер көрсетуде. Алғашқы жаттықтырушысы - Ахмет Жұмағұлов. Ұлттық құрама сапында Ермек Иманбековтың жетекшілігінде.
2015 жылғы Астанада өткен Әлем чемпионатында қазақстандық Рустам Ибраевпен кездесіп, жеңімпаз атанды.
2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері. Алтынға ресейлік палуан Беслан Мудрановпен бәсекелесті.

Хабарламаларға жазылу