Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова атындағы шахмат турнирі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова атындағы шахмат турнирі басталды

02.04.2019

Бүгін Нұр-Сұлтанда студенттер арасында бірнеше дүркін әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Динара Сәдуақасова атындағы шахмат турнирі басталды. Оған барлық өңірден 110 шахматшы қатысуда. Дәстүрлі турнир 6 жылдан бері өткізіледі.

Биылғы сайыс Жастар жылына орайластырылған. Турнир жеке командалық есепте FIDE көрсеткішімен есептеледі. Жарыстың жүлде қоры - 1,5 миллион теңге. Жеңімпаз топқа чемпион Динара Сәдуақасованың кубогы да табысталады. Жеңімпаздар 4 сәуір күні анықталады.

Динара Сәдуақасова, шахматтан бірнеше дүркін Әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер:

- Дәстүрлі турнирге барлық жоғары оқу орындарынан 100-ден астам шахматшы қатысып отырғаны қуантады. Осындай сайыстардың арқасында шахмат ойынының жастар арасында танымалдылығы артады деп ойлаймын.

Хабарламаларға жазылу