Ағайынды Михайл және Тимофей Емельянов Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағайынды Михайл және Тимофей Емельянов Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленді

29.09.2014
Ағайынды Михайл және Тимофей Емельянов Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленді

Бүгін Азия ойындарында 1000 метр қашықтықта каноэде ескек есуден жүлделер жиынтығы сарапқа салынды.

Бұл жарыста қазақстандық жұп Михайл және Тимофей Емельянов үздік шығып, Азия ойындарының чемпионы атанды. Олардың нәтижесі  - 3:44.936.

Екінші орынды - қытайлық  Пенг Фей Женг пен Ри Вэй Ванг. Ал, үздік үштікке өзбекстандық Серік Мирбеков пен Герасим Кошнев ілікті.

Хабарламаларға жазылу