Дмитрий Баландин суға жүзуден Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Баландин суға жүзуден Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды (ФОТО)

26.09.2014
Дмитрий Баландин суға жүзуден Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды (ФОТО)

Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен суға жүузден Азия рекордын (+27,78) жаңартып, алтын медальді иеленді. Ол Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының үш дүркін чемпионы атанды.  Екінші және үшінші орынды жапониялық  Яшуиро Косеки мен үндістандық Сандип Сежвал бөлісті.

Айта кетейік, бұған дейін Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Азия рекордын жаңартып, жеңіске жетті. Кейін 100 метрге брасс әдісміен жүзуден Азиаданың алтын жүлдесін иеленді.

1.    Дмитрий Баландин (Қазақстан)  -    27,78  Азия ойындарының рекорды      

2.    Яшуиро Косеки (Жапония)  + 0,11

3.    Сандип Сежвал (Үндістан) + 0,48

Фото: gettyimages.co.uk

Хабарламаларға жазылу