Азия ойындары: Ел қоржынына 37 медаль түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Ел қоржынына 37 медаль түсті

02.10.2023

Ханчжоудағы XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары бүгінгі жарыс күні басталғалы ел қоржынына 6 медаль салды. Таңмен таласа ескек есуден 500 метрге жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров қарсыластарынан оза шауып, төртінші алтын медальді қанжығалады. Екінші және үшінші орынды Жапония мен Иран спортшылары иеленді. Әйелдер арасында Мария Бровкова мен Руфина Искакова 500 метрге каноэмен жарысуда, ал Ольга Шмельева мен Ирина Подойникова 500 метрге байдаркамен жарысуда күміс медаль иеленді. Ерлер арасында Кирилл Тубаев 1000 метрге жарыста үшінші келіп, қолаға қол жеткізді. Сонымен қатар Тимофей Емельянов та, байдарка мен каноэ есуден 1000 метр қашықтықта жүлделі үшінші орыннан көрінді. Бұдан бөлек Виктория Бутолина батут гимнастикасынан финалдық жарыста өнер көрсетіп, 52 600 ұпаймен қола жүлдеге ие болды. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу