Азия ойындары: Ескек есушілер қоржынға медаль салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Ескек есушілер қоржынға медаль салды

02.10.2023

Ханчжоудағы Азия ойындарының екінші аптасы басталды. Жаңа ғана байдарка мен каноэ есуден спортшыларымыз қоржынға тағы да медаль салды. 

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Ескек есушілер қоржынға бірнеше медаль салды. Кирилл Тубаев 1000 метрге жарыста үшінші келіп, қолаға қол жеткізді. Сонымен қатар Тимофей Емельянов та байдарка мен каноэ есуден 1000 метр қашықтықта жүлделі үшінші орыннан көрінді. Ал әйелдер командасы Мария Бровкова мен Руфина Искакова 500 метрге каноэмен жарысуда, Ольга Шмельева мен Ирина Подойникова 500 метрге байдаркамен жарысуда күміс медаль иеленді. Екі финалда да Қазақстан спортшылары Қытайға жол берді. Жалпы байдарка мен каноэде бүгін-ертең 12 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ. Қазақстан спортшылары барлығында да таласқа түседі. 

Бүгін жерлестеріміз 13 спорт түрі бойынша сынға түседі. Ауыр және жеңіл атлетика, садақ ату сынды жарыстар бар. Жалпыкомандалық есепте әзірге 3 алтын, 7 күміс, 24 қола медальмен 13-орында тұрмыз. 

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу